Министр Бақыт Сұлтанов халыққа есеп береді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Министр Бақыт Сұлтанов халыққа есеп береді

29.05.2020, 18:00

749 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов биылғы жылдың 17 маусымында халықпен кездесу өткізеді.

Кездесу сағат 15.00-де оnline режимінде, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрлік «Facebook» және «YouTube»-те трансляциялау арқылы өтеді.

Егер министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, байланыс орнатуға болады. Ол үшін:

– «Ашық диалог» порталындағы Министрдің блогы (https://dialog.egov.kz/blogs/2293760/welcome);

– Министрліктің ресми сайтында онлайн-қабылдау бөлмесінің «сұрақ-жауап» (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/virtual-reception/1?lang=ru);

– Электрондық мекенжайы: ask@mti.gov.kz;

– Сондай-ақ министрліктің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына хабарласу қажет.

Сұрақ қою барысында «Есептік кездесу үшін» деген белгіні қою қажет. Бұл сұрақтарға министр тікелей эфирде жауап береді.

Сұрақтарды өңдеу үшін, әрі олар бойынша сапалы және дұрыс ақпарат даярлау үшін уақыт қажет болуына байланысты сұрақтарды 10 маусымға дейін жіберуді ұсынамыз.

Анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74 98 97, 8 701 701 01 34.        

0

Пікір қалдыру