Карантин: Қызылордада кешкі 21:00-ден кейін жүруге мүлдем тыйым салынды – Kyzylorda News
Басты бет

Карантин: Қызылордада кешкі 21:00-ден кейін жүруге мүлдем тыйым салынды

07.04.2020, 16:00

4624 3

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында індеттің белең алуына орай, жаңа қаулы қабылданды. Соған сәйкес, тұрғындар мына өзгерістерден хабардар болуы керек:

– Кешкі 21.00 ден таңғы 06.00 ге дейін қалада жүруге тыйым салынды;

– Азық-түлік дүкендері, сауда үйлері 10.00 ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды;

– «Ақмешіт – Мерей», «Шанхай», «Аспалы көпір», «Тасбөгет» кенттерінің тұрғындары патрульдік полицияның қадағалауымен ғана қала аумағына кіре алады. Осы аудандарда әр үйден бір адам қажеттілікпен ғана шыға алады;

– Дәріханалардың жұмысына шектеу жоқ;

– 55 жастан асқан тұрғындар мен жасөспірімдерге көшеде жүруге тыйым салынады;

– Қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден 20.00-ге дейін күшейтілген дезинфекциялық жұмыстар арқылы жүре алады;

– Тұрғындар көшеде енді бетпердесіз жүре алмайды;

– Облыстың бас санитары қабылдаған жаңа қаулы 7 сәуірден 21-ші сәуірге дейін ұзартылды.