Halyk Bank-тен пәтерлер ұтыс ойыны – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Halyk Bank-тен пәтерлер ұтыс ойыны

16.09.2020, 13:00

870 0

Kyzylorda-news.kz. Бұрын мұндай болған емес! Halyk Bank 2020 жылдың соңына дейін үш пәтерді ұтысқа қосып, қазақстандықтарға Алматының беделді, экологиялық таза ауданынан пәтер ұтып алудың тамаша мүмкіндігін ұсынды.

Тау бөктерінде орналасқан «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтердің иесі болып,бақытқа кенелу үшін сізге бар болғаны кредит ресімдеп, Homebank қосымшасында қызметтер үшін төлем жасағаныңыз жеткілікті, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Halyk Bank-тенпәтерлер ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?

Ұтыс ойынына әр адам қатыса алады және ол үшін 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап 20 желтоқсанға дейінгі аралықта келесі шарттарды орындау қажет:

№1 шарты. Келесі кредиттердің бірін ресімдеу қажет:

Homebank қосымшасында сомасы 200 000 теңгеден асатын онлайн-кредитті ресімдеу. Филиалға бармай-ақ кредитті алу үшін сіз үйден шықпай Homebank қосымшасына тіркеліп, тегін жеткізілетін Halyk Bonus картасына тапсырыс бере аласыз. Halyk Bank картасымен сізге аптасына 7 күн, 5 минут ішінде онлайн-кредит қолжетімді;

Homebank қосымшасы арқылы Sulpak, Technodom және Alser дүкендерінде сомасы 200 000 теңгеден асатын онлайн-бөліп төлеумен тауар сатып алу қажет. Қазіргі уақытта біздің серіктестеріміздің желісінде баршаға танымал «0-0-24» бағдарламасы жұмыс істейді, бұл арқылы сіз өзіңізге қажетті тауарды 24 ай ішінде пайызсыз және артық төлемсіз бөліп төлеумен сатып ала аласыз;

Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесінде сомасы 500 000 теңгеден асатын кепілсіз кредит;

Жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға сомасы 1 000 000 теңгеден асатын кредит, соның ішінде «7-20-25 ипотекасы», «Баспана-ХИТ ипотекасы» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ипотекалық кредит.

№2 шарты. Homebank–те қызметтерді төлеу:

Ұтыс ойынына қатысу үшін Homebank қосымшасында 2020 жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін, әр айдың 20-сы күніне дейін, 1000 теңгеден кем емес кез келген қызметті: коммуналдық төлемдер, ұялы байланыс, Интернет, салықтар, айыппұлдар және тағы басқа қызметтердің төлемін жүргізу керек. Төлемдерді жасау комиссиясыз. Естеріңізге сала кетейік, аталған қызметтерді төлей отырып, Банк клиенттері төлем сомасынан кепілдендірілген 1% бонус алады.

«Акцияның барлық шарттарын орындау арқылы сіз автоматты түрде «Хан-Тәңірі»тұрғын үй кешеніндегі пәтердің ай сайынғы ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігіне ие боласыз. Бір рет кредит алып, Homebank-тегі қызметтер үшін ай сайынғы төлемдерді төлей отырып, сіз ай сайын пәтердің ұтыс ойынына қатысасыз», – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов.

Ұтыс ойыны әр айдың соңында өткізіледі. Жеңімпаздар Halyk Bank-тің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында, кездейсоқ сандарды таңдау әдісіменанықталады.

Бірегей мүмкіндікті пайдалануға асығыңыз! Кредитті неғұрлым ерте алсаңыз, Алматыда пәтер ұтып алу мүмкіндігіңіз соғұрлым көбірек болады.

Акция, ұтыс ойындары және жеңімпаздар туралы соңғы жаңалық Halyk Bank-тің Instagram және Facebook аккаунттарында жарияланады.

Акция туралы толық ақпарат Halyk Bank-тің ресми сайтында.

0

Пікір қалдыру