Қызылордада жылжымалы дәріханалар жұмыс жасауда – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада жылжымалы дәріханалар жұмыс жасауда

22.04.2020, 9:40

680 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында COVID-2019 вирусы анықталған азаматтар қатарының артуы аймақ көлемінде шектеу шараларын қатаң енгізуге мәжбүрлеуде.

Осы орайда, «Europharma» дәріханалар желісі Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтер мен шет аймақтарда, саяжайларда мобильді дәріханалар жобасын іске қосты. Ол сіздерді барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді.

Жылжымалы  көліктегі дәріханалардың ассортименті  қолжетімді бағада 800 астам әртүрлі препараттарды қамтиды және төмендегі кесте бойынша жұмыс істейді.