Kyzyzlorda-news.kz. Жұқпалы аурулар ауруханасында 120 науқас жатыр. Оның 8-і жан сақтау бөлімінде. 120 науқастың 11-і бала, оның 5-і бір жасқа толмаған сәбилер. Отбасымен бірге ауруханаға жатқызылған науқастар да бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова мәлімдеді.

Дельта штамы анықталған науқастарда өкпе ауруларына тән емес басқа клиникалық белгілері де болады. Жаз айы болған соң, улану, ұшыну деректеріне немқұрайлы қарамау қажет. Жедел ішек ауруы секілді лоқсу, жүрек айну, іш өту, буындардың ауруы, дене қызуының түспеуі, сүйектердің сырқырауы тәрізді клиникалық белгілер анықталса, жедел медициналық көмекке жүгіну қажет. Себебі, “үнді”штамм вирусының жұғу жылдамдығы жоғары. Клиникалық белгісі 3-5 күнде анықталуда.

“Ауруханаға түскен науқастарда алғашқы күндері өкпесі таза, қызуы жоқ, демікпе болмағанымен, 2-3 күнде ентігу пайда болып, тыныс ала алмай, жедел түрде жан сақтау бөліміне жатқызылуда. Айта кету керек, былтырғы жылы аурудың жасы 60-65 жастан жоғары болса, биыл ол жасарып келеді. 40-60 жас арасында, тіпті балалар да вирус жұқтырған. Ауру белгісі ең алдымен жүрекке әсер етеді. Қант диабеті, қан қысымы бар жандарда өте ауыр жағдайда өтуде. Өкпені толығымен зақымдап, адам миына да әсерін тигізуі мүмкін”, – дейді Айна Қарабұзауқызы.

Тағы да оқыңыз: