Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

21.09.2021, 12:00

143 0

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын өзінің Facebook парақшасында жазды.

Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамыз айларында коронавирус анықталған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізген.
Eta «Нигерия» штамының айналымы 4 өңірде анықталған: Қарағанды – 1, Маңғыстау – 2, Павлодар – 1, Нұр-Сұлтан – 1.

«Секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штамдар айналымы белгіленген (Delta «үнді штамы» – 57 (59,4 пайыз), Alpha «ұлыбританиялық» – 24 (25 пайыз), «Ухань» коронавирусы – 10 (10,4 пайыз) және Еta «Нигерия» – 5 (5,2 пайыз).

Eta штамның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде анықталған, ДДСҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдарға жатады.

«Клиникалық белгілері Alpha (ұлыбританиялық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты», – делінген хабарламада.

0

Пікір қалдыру