Kyzylorda-news.kz. Иммунолог-аллерголог Владимир Болибок коронавирустың омикрон штамына тән белгілерді атады.

“Омикронға тән симптомдар – бұл бас ауруы және кенеттен пайда болатын әлсіздік”, – деп түсіндірді Болибок.

Дәрігер COVID-19-дың әр түрінің 70-тен астам белгісі бар екенін айтты. Бұл науқастың штамын дәл анықтауды қиындатады.

“Бірақ кейбір белгілер бір штамдарда айқын, екіншісінде өзге белгілер анық көрінеді. Ухань штамында иіс сезу қабілеті жоғалады. Ол дельтада да кездеседі, бірақ әлдеқайда аз”, – деп түсіндірді дәрігер.

Иммунологтың айтуынша, COVID-19 анықталған амбулаториялық науқастар орта есеппен екі аптадан кейін, ал ауруханаға жатқызуды қажет ететіндер төрт аптадан кейін қалпына келеді.

“Бірақ кейбір адамда ауыр өтеді. Олар коронавирустан аман қалса да, көптеген ауру пайда болады. Сондықтан олар бір жарым, екі және төрт ай бойы ауыруы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездесетін жағдай”, – деді Владимир Болибок.

Тағы да оқыңыз: