Kyzylorda-news.kz.  «Омикрон» штамына байланысты алаңдаушылық бар, алайда дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Бұл туралы Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты.

Оның сөзіне қарағанда, «омрикон» штамы қазір Америка мен Еуропаның бірқатар еліне тарап үлгерген, енді біраз уақытта ол әлемнің әр түкпіріне жетеді.

«Бұл жолы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірден әрекет етті. Иә, алаңдаушылық бар, алайда дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. «Омрикон» штамы жайлы алғаш Оңтүстік Африкадағы Дурбан университеті жанындағы инновациялық эпидемиологиялық орталықтың докторы Tulio de Oliveira мәлімдеді. Оның командасы секвенирлеудің молекулярлы әдісімен 50-ден астам мутацияны анықтады. Соның 32-сі осы «омрикон» штамында болды. Әрине, бұрын-соңды болмаған мұндай мутация саны атышулы Дельта нұсқасындағы мутациялар санынан бірнеше есе жоғары әрі ғалымдардың алаңдаушылығын тудырды, ал ДДҰ тиісінше дүрбелең тудырды, – деп жазды профессор Алмаз Шарман Facebook-тегі парақшасына.

Сонымен қатар, ол коронавирустың жаңа штамдары вакцина алу деңгейі төмен елдерден шығып жатқанын жеткізді.

«Omicron нұсқасының пайда болу себептерінің бірі – ең алдымен, вакцина алмаған әрі иммун тапшылығы бар адамдардың ағасында вирустың ұзақ мерзімді репликациясы болуынан. Ондай адамдар Оңтүстік Африкада өте көп. Сондықтан бізге басты күшті вакцина алуға бөлу керек», – деп жазды ол.

Тағы да оқыңыз: