Коронавирустан жазылған адам вирус тасымалдаушы болып қала бере ме? – Kyzylorda News
Басты бет

Коронавирустан жазылған адам вирус тасымалдаушы болып қала бере ме?

08.04.2020, 16:40

809 0

Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавируспен ауырған адам инфекция тасымалдаушысы болып қала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәуле Қисықованың айтуынша, коронавирус инфекциясымен ауырған науқас ауруынан толық айыққан уақытта ғана медициналық мекемеден шығарылады.

Коронавирус жұқтырған адамды емдеу 2 аптаға созылады. Процедура хаттамаға сәйкес жүргізіледі.

2 апталық кезеңнен кейін COVID 19 инфекциясына қайта тексеру үшін пациентке зертханалық сынамалар жасалады. Бір тәуліктен соң тест тағы қайталанады.

Егер пациентте сынама екі рет инфекцияның жоқ екендігін көрсетсе ғана ол ауруханадан шығарылады.

Мұндай жағдайда тасымалдау туралы айту мүмкін емес дейді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың басым бөлігінде аурудың беліглері мен дене қызулары жоқ.