Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданындағы елді мекендердің инфрақұрылым мәселелері шешімін тауып келеді.

Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп жүрген мәселенің бірі елді мекендердегі күре жолдардың бойына жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі болатын.

Аталған мәселені аудан әкімдігі биылғы жылдың жұмыс жоспарына енгізіп, нәтижесінде құрылысы ағымдағы жылдың шілде – тамыз айында басталған Сәкен Сейфуллин ауылының орталық Сәрке батыр және Шортанбай би көшелеріне ұзындығы 3 шақырымды құрайтын тротуар қазіргі таңда ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр.

Мердігер мекеме «Универсал сервис МН» ЖШС салған жол құрылысына тұрғындар ризашылықтарын білдіруде.

Айта кету керек, Сырдария ауданының аумағында жалпы ұзындығы 268,06 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар. Оның ішінде, 44 шақырым – республикалық, 111,56 шақырым – облыстық, 112,5 шақырым – аудандық маңызы бар жолдар.

Бүгінгі күні ауданға автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 1,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, 23 жоба іске асырылуда.

Тағы да оқыңыз: