Kyzylorda-news.kz. 19 қарашада Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады. Бұл туралы “Қазтелерадио” АҚ хабарлады.
Ұлттық оператор хабарлағандай, осы уақыт ішінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
“2020 жылдың 19 қарашасында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады”, – делінген хабарламада.