Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымы мен ҚАЖ ардагерлері қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады.
ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы «Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы» қарияларды мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Орталықтың «Қарты бар елдің, қазынасы бар» атты мерекелік шарасында сөз алған Шаймерден Тәжіқұлұлы қоғамның дамуына сүбелі үлес қосқан асыл жандарға мықты денсаулық, отбасыларына береке-бірлік, таусылмас күш-қуат тіледі.
Мерекеге орай орталықта қариялардың белсенді өмір сүруі сапасын арттыру, дене қозғалысының ширақ та, шымыр болып салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ашылған спорт алаңына департамент ұжымы үстел теннисін сыйға тартты.
Асыл қазынамыз – қарттарымызды мереке сайын құттықтап, демеушілік көрсетіп жүрген департамент ұжымына орталық директоры Л.Карибаева өз ризашылығын білдіріп, департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлын Алғыс хатпен марапаттады.