Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық тұрғынның үйіне келген қонағы қолма-қол ақша карточкасын ұрлап кеткен. Кейін оның сол карточка арқылы «Арай Сити» сауда үйінен 45 000 теңгеге сауда жасаған белгілі болады.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында күдікті ұсталды. Ол 1999 жылы туған, бұрын сотты болмаған тұрғын болып шықты.
«Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол жасаған іс – әрекетін толығымен мойындап қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.