Kyzylorda-news.kz. Бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова ІІІ оқу тоқсанындағы негізгі өзгешеліктерді брифингте баяндады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дәстүрі оқу форматына кезең-кезеңімен көшу жұмыстары жүргізілуде. І оқу тоқсанында 37436 бала (22,6 пайыз), ІІ оқу тоқсанда 53568 бала (31,5 пайыз), үшінші оқу тоқсанда 71589 бала (42 пайыз) бала мектепке барып оқиды.
Министрлік бекіткен алгоритмге сәйкес ІІІ оқу тоқсанында балаларды оқыту форматы белгіленді. 1-5 сыныптар үшін кезекші топтар жұмыс істейді. Ал, бала саны 300-ден аспай мектептерде оқу дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. – ІІІ оқу тоқсанында 9,11 сынып оқушылары сантиралық-эпидемилогиялық сақтай отырып аралас форматта, яғни дәстүрлі түрде мектепке барып оқитын болады.
“Бүгінгі күні анализ бойынша 9-сыныпта 13252 оқушы білім алады. Ал, 11-сыныпта 7004 оқушы оқитын болады. Бұл сыныптарда балалар негізгі пәндерді, яғни қорытынды емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі міндетті компонентті пәндер бойынша білім алады. Яғни, пәндердің 70 пайызы – дәстүрлі форматта, 30 пайызы қашықтан оқытылатын болады”,-деді Ақзира Бақтыбайқызы.
Колледждерде де өзгерістер бар. Жалпы 30 колледжде 19795 студент білім алады. Ведомоствоаралық комиссия шешімімен 1 курс студенттері дәстүрлі түрде оқиды. Бұл ретте студенттер пәндерді 70 пайыз – дәстүрлі, 30 пайыз – қашықтан оқиды. Бүгінгі күні дәстүрлі оқитын 1 курс студенттерінің саны – 5434. Анализ бойынша 5434 студент оқуды дәстүрлі, 12912 студент қашықтан оқиды.