Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары мен оның сенімді өкілін ұстады. Олар топты адаммен алдын ала сөз байласып, алдау арқылы Алматы қаласы кәсіпкерінің 10 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын банк шоттарын бұғаттан босатамын деген желеумен алып кеткен», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдіктілер кәсіпкерден 10 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алған кезде ұсталды.

Тағы да оқыңыз: