Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Жосалы кентінде құтқарушылар Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйітті жағаға шығарды.
«Белгісіз адамның мәйіті кенттегі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойына орналасқан көпір маңында табылды. Рейдтік шаралар өткізіп жүрген төтенше жағдайлар саласының мамандары өзен үстінен белгісіз адамның мәйітін тауып, оны жағаға шығарды», – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.
Кейіннен белгілі болғанындай, оның Қармақшы ауданының 1984 жылғы тұрғыны екендігі анықталды.