Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда Наурыз 10 күн тойлануы мүмкін. Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын бекіту жобасы пайда болды.
Құжатқа сәйкес,
- 14 наурыз – “Көрісу күні”
- 15 наурыз – “Жайлау күні”
- 16 наурыз – “Шежіре күні”
- 17 наурыз – “Тарихқа тағзым күні”
- 18 наурыз – “Игі істер күні”
- 19 наурыз – “Шымырлық пен шеберлік күні”
- 20 наурыз – “Зияткерлік күні”
- 21 наурыз – “Ұлттық тағамдар күні”
- 22 наурыз – “Ұлыстың ұлы күні”
- 23 наурыз – “Жоралғы күні”.
“Наурыз мейрамын тойлауға қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында өткізіледі (10 күн)”, – деп жазылған құжатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында көктем мерекесі – Наурыз мейрамының мазмұнын байыта түсетін тұжырымдама жасауды ұсынған болатын.
“Мейрам кезінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында халық жаппай ұлттық киімдерімізді киіп, төл ойындарымызды ұйымдастырып, көпшілік орындарда (сауда орталықтары, вокзал, әуежай, қонақүй т.б.) ұлттық музыка ойнатылуын қамтамасыз ету, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа Ұлыстың ұлы күнінің маңызы жөнінде өсиет, өнеге айтуы маңызды”, – деп жазылған тұжырымдамада.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Наурыз 10 күн аталып өтеді. Қазақстандықтар бұл мейрамда бес күн – 20,21,22,23,24 наурызда демалады. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сәрсенбі 24 наурызға ауыстырылды.