Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Сыр төресі» лагерінің ішкі көрінісі адам шошырлық. Бұл туралы журналист Ерқанат Сәрсенбай хабарлады.

«Баласын жазғы каникулда демалсын деп лагерьге жіберген ата-ана бүгін маған шағымын жеткізді. Демалыс лагері емес, түзету лагеріне ұқсайды дейді. Тендерден ұтып, тіршілік еткен мекеме балаларға мүлдем жағдай жасамай отыр деп ашынады. Шиелі аудандық білім бөліміне бәрібір секілді. Өйткені мұнда бірыңғай шиелілік балалар жолдама алған. Қызылорда облыстық білім басқармасы балалар жылындағы әрекеттеріңіз осы ма? Құрметті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сізді тікелей назарға алады деп үміттенем… Облыстық прокуратура тексеру жүргізіңіздер», – деп жазады Ерқанат Сәрсенбай.

Тағы да оқыңыз: