Bek Air авиакомпаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттары тоқтатылды – Kyzylorda News
Басты бет

Bek Air авиакомпаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттары тоқтатылды

29.12.2019, 14:00

267 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air авиакомпаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі. Әуе апатына ұшыраған әуе кемесінің ұшу жарамдылығы куәлігі 2019 жылдың мамырында берілген болатын. Fokker-100 борты 1996 жылдың сәуір айында шығарылған. Қазақстандық регистрда 2016 жылғы 26 тамызда тіркелді (куәлік нөмірі 940).

Bek Air әуекомпаниясында барлығы 10 ұшақ тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air әуе компаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты. Bek Air компаниясының пайдаланушы сертификаты ұшу қауіпсіздігі бойынша барлық мәселелер толық шешілгенге дейінгі мерзімге тоқтатылды.

0

Пікір қалдыру