Kyzylorda-news.kz. Осыдан біраз уақыт бұрын бәйгеге – праймеризге қосылып, басты додаға барын салып, жаңашылдыққа құрылған бағдарламасын жасақтап, “Nur Otan” партиясының бастамаларын насихаттауға үлес қосқан әрбір азаматтың еңбегі өлшеусіз болды.

Олардың әрбірі өзіндік тұлға, түрлі салада қолтаңба қалыптастырып келе жатқан азаматтар. Партиялық тізімге әйелдер мен жастардың көптеп тартылуы ерекше серпін бергенін де айту керек. Бағдарламаларымызды талқылау кезінде маңызды мәселелерге қатысты ұсыныстарын білдірген тұрғындар болды. Біз барлығы жақсы деп, арқадан қағуды ғана күтпейміз, сын ширатады, сол сыннан қорытынды шығаруға атсалысатынымызды айтқым келеді.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясының ашылуында да халықтың сенімін ақтау басты орында екенін алға тартты. Қалалық мәслихаттың VII шақырылымдағы депутаты ретінде алға межелеген бастамалар мен жобалардың нәтижесіне күш салу – менің де негізгі мақсатым.

Бауыржан МАСТЕКОВ,

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты

Тағы да оқыңыз: