Kyzylorda-news.kz. Елімізде «5-10-20» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды.
Бағдарлама бойынша ең қымбат пәтерлер Алматыда. Мегаполистегі баспананың бір шаршы 240 мың теңгеге дейін жетеді.
Елордада 220 мың тұрады. Шымкентте және Алматы маңында тұрғын үйдің бір шаршы метрі 200 мың теңге. Бірнеше қалада баға бұдан төмен. Мәселен, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды және Қарағанды облысында ипотекалық баспананың бір шаршы метрі 180 мың теңге.
Ал қалған өңірлердегі «5-10-20» бағдарламасымен қарыз алушылар пәтердің бір шаршы метрі үшін 160 мың теңге төлейді.