28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн – Қазақстанда осымен сегізінші – Kyzylorda News
Басты бет

28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн – Қазақстанда осымен сегізінші

28.12.2019, 10:30

672 0

Kyzylorda-news.kz. 28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сегізінші жағдай, деп жазады Tengrinews.kz.

2006 жыл 22 қыркүйек. Ленин (Шахтинск) атындағы шахтадағы қайғылы жағдай

2006 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада болған техногендік апат. Метанның жарылуынан 41 кенші қаза тапты, жеті жұмысшы зардап шекті.

8:56-да шахтада 368 адам болған кезде жарылыс болды. Жарылыс толқыны төрт жарым шақырымды қамтыды. Бір тәулік ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің денелерін жер бетіне көтерді. Кейінірек аза тұту жарияланды.

Шахтаның сегіз қызметкеріне айып тағылды. Үшеу бір жыл сынақ мерзімімен шартты түрде бір жыл алған. Қалғандары бір жылдан үш жарым жылға дейін қоныс колониясына тоғытылды.

2008 жылы 14-16 қаңтар. «Абай» шахтасында метан жарылысы

Метан жарылысы 400 метрлік тереңдікте болды. Осы уақытта шахтада 191 адам болған. Жарылыстан кейін Лавада өрт шықты. Қайғылы оқиға 30 адамның өмірін қиды. 161 шахтер жер бетіне шығарылды, оның ішінде 14 адам түрлі дәрежедегі күйік пен жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Кінәлілердің қатарында үш инженер-техникалық қызметкер болған. Үш күндік аза тұту жарияланды.

2010 жылы 16 наурыз. Қызылағашта су тасқыны

Қазіргі Қазақстан тарихындағы ең жойқын су тасқынының бірі. Алматы облысының Қызылағаш ауылынан наурыздың 11-нен 12-не қараған түні болған оқиға.

Қайғылы оқиғадан 43 адам қаза тапты, оның ішінде сегіз бала бар. 300 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, 1000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 146 үй толығымен бұзылды, 251 үй қирап, 42 үй зақымдалды. Аза тұту 16 наурызда жарияланды.

2012 жыл 5 маусым. Арқанкергендегі қанды оқиға

28 мамырда «Арқанкерген» шекара қызметінде 14 шекарашы мен қорықшы қаза тапты. Қылмыстың жасалуына жалғыз тірі қалған солдат – Владислав Челах кінәлі деп танылды. Қайғылы оқиғадан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 5 маусымында жалпыұлттық аза тұту жариялады.

2012 жылдың желтоқсанында Челах өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол Қостанай облысы Жітіқара қаласының маңындағы «Қара бүркіт» ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.

2012 жылы 27 желтоқсан. Шымкентте ұшақтың құлауы

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 27 адам болған, барлығы қаза тапты. Қаза болғандардың ішінде ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Тұрғанбек Стамбеков болды.

Әуе апатына Шымкент әуежайының диспетчері кінәлі деп танылды. Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

2013 жыл 31 қаңтар. SCAT компаниясының ұшағы апатқа ұшырауы

Авиациялық апат салдарынан бортта отырған барлығы – 21 адам қаза тапты. 16 жолаушы және бес экипаж мүшесі. 2013 жылы 29 қаңтарда SCAT компаниясының Canadair CL-600-2B19 әуелайнері Көкшетау – Алматы бағытымен DV760 жоспарлы ішкі рейсін орындаған. Алайда Алматы әуежайына жақындаған тұста, ол жерге құлады.

Апатқа ұшқыштардың қателігі себепші деп атады.

2016 жыл 9 маусым. Ақтөбедегі лаңкестік

Террорлық акт салдарынан лаңкестердің қолынан 8 адам қаза тапты. Антитеррорлық операция кезінде 18 қылмыскердің көзі жойылды.

25 адамнан тұратын содырлар тобы «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, одан әрі ҚР Ұлттық гвардиясының №6655 әскери бөліміне шабуыл жасады.

Құқық қорғау органдары лаңкестікке тікелей қатысы бар тоғыз адамды, дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағаны үшін тағы 18 адамды, сондай+ақ екі адамды – жасырғаны үшін ұстады.

Террорлық актіге қатысушы жеті адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Екі адам 25 жыл және 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен 29 сотталушының барлығы ауыр, аса ауыр құқық бұзушылық жасағаны үшін, жеке адамға, меншікке қарсы, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырудың әр түрлі мерзіміне сотталды.

2019 жылы 28 желтоқсан. BekAir ұшағының апатқа ұшырауы

2019 жылы 27 желтоқсанда таңғы уақытта Bek Air әуекомпаниясының ұшағы Алматы маңына құлады. ІІМ 12 адамның қаза тапқаны туралы айтты.

Әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына төрт миллион теңге беріледі. Басқада зардап шеккендерге көмек берілетіні де айтылды.

Бас прокуратура мен ІІМ әуе апатының себептерін анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға тиіс. Қазақстан тарихында сегізінші Жалпыұлттық аза тұту жарияланды.

0

Пікір қалдыру