Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша тамыз айында карантин шараларын ұзартуға байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға әлеуметтік төлем жасалады. Ұзартылған карантин мерзімі екі апта болғандықтан, төленетін қаржы да 42 500 теңгенің жартысын құрайды»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.