Kyzylorda-news.kz. 22-24 ақпан аралығында Еуразия мәдени-сауықтыру спорт кешенінде 10-шы рет халық палуаны Қажымұқанды еске алуға арналған “қазақ күресі” бойынша дәстүрлі республикалық ашық турнир өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Орманов хабарлады.
– Турнир 3 күнге созылады. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 500-ге жуық спортшы қатысады. Айта кетейік, облыс құрамасына кірген 36 спортшының 25 – і Қызылордадан келген спортшы, – деді А.Орманов.
