Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық спортшы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен қоян-қолтық ұрысынан Әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің әскери қызметшісі ефрейтор Бақытжан Үмбетқұлов Жалағаш ауданының тумасы.

Бала күнінен «Күрес» жекпе-жек спорт түрімен белсенді айналыса бастаған ол, 15 жасында Жалағаш ауданының жеңімпазы болған. Қызылорда облысы атынан бірнеше мәрте Республикалық жарыстарының жүлдегері атанған.

Қызметімен спорты қатар ала жүріп Қызылорда облысы бойынша департаменті атынан өнер көрсетуде.

Тағы да оқыңыз: