Қызылордалық «Қайсар» жас спортшылардың арасында іріктеу өткізіп жатыр – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық «Қайсар» жас спортшылардың арасында іріктеу өткізіп жатыр

24.02.2020, 16:20

788 0

Kyzylorda-news.kz. «Қайсар» футбол орталығы ауылдағы таланттарды тасада қалдырмас үшін Арал қаласына барып, Сырдария, Байқоңыр, Қазалы, аудандандарының балғын футболшыларын бақылап, іріктеу өткізді.

2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өзара жолдастық кездесу өткізіп, бапкерлер орталыққа қажетті футболшыларды таңдап алды.

«Қайсар» футбол орталығының әрбір тобы облысымыздың намысын қорғайтын болғандықтан біз аймақтан да футболшыларды іріктеуден өткізіп жатырмыз. Талантты футболшылар ауылдан да шығады. Сондықтан біз іс-сапарымызды алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз, – деді орталықтың жаттықтырушысы Бекежан Жаңатаев.

Айта кетейік, бапкерлер қосыны алдағы уақытта Шиелі және Жаңақорған аудандарында іріктеу өткізеді.