Kyzylorda-news.kz. «Евразия» СК карантин талаптарын сақтай отырып, өз жұмысын бастады.

Əзірге мұнда #4ОРМБЖМ -нің жүзу жəне триатлон (3 спорт түрінің жиынтығы: жүзу, жүгіру, велоспорт) бөлімшесінің спортшылары жаттығуда.

Тұрғындарға қай кезден бастап қызмет көрсететіні қосымша хабарланады.

«50 метр қашықтықты 38,9 секундта жүздім. Карантинге байланысты демалыс болмағанда 33 секундта келетін едім. Енді жаттығу процесін үзбей жасап, өз қалпыма келемін. Аллағы мақсатым – турнирлерде орын алуға тырысамын», – деді жүзуден облыстық қалалық жарыстардың жеңімпазы Ғанибет Нұрқожа.

«Карантинге байланысты үйде жаттығып жүрдік. Ол бізге аздық етті. Қазір спорт залда жаттығуымызды күшейтіп, жарыстарға тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Алдағы уақытта жақсы нəтижелер болады деп ойлаймын», – деді триатлон бөлімшесінің спортшысы Нұрай Зиятқызы.

Тағы да оқыңыз: