Kyzylorda-news.kz.  2-5 сәуір аралығында Қызылорда қаласында велоспорттан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері Жетес Сүлейменовтің жүлдесіне арналған республикалық көпкүндік жарыс өтті.

Биылғы жылы алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің он облысынан 15-16 жас аралығында 130 велошабандоз төрт кезең бойынша қатысты.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ұлдар арасында батысқазақстандық велошабандоздар Вадим Белугин алтын медаль алса, Жалғас Әбубәкір күміс, Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Вячеслав Сичкарев қола жүлделерді иеленді.

Қыздар арасында Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары Елизавета Склярованың мерейі үстем болса, Кристина Габайдулинаға екінші, қызылордалық Аружан Тоқбаеваға үшінші орындар бұйырды.

Жалпы командалық есепте ұлдар арасында:

  1. Батыс Қазақстан облысы
  2. Нұр-Сұлтан қаласы
  3. Солтүстік Қазақстан облысы
    Қыздар арасында:
  4. Нұр-Сұлтан қаласы
  5. Қызылорда облысы
  6. Алматы облысы, Талдықорған қаласы
    “Ең жас велошабандоз” – Аружан Тоқбаева (Қызылорда);
    “Жеңіске деген жігері үшін” – Ердәулет Егізбай (Қызылорда);
    “Белсенді велошабандоз” – Данил Зинкевич (СҚО).
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубок, естелік сыйлықтар және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Айта кетейік, 7-11 сәуір аралығында Қызылорда қаласында велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Тағы да оқыңыз: