Қызылордада өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы анықталды

17.02.2020, 12:20

301 0

Kyzylorda-news.kz. 14-16 ақпан аралығында «Мұз айдыны» спорт кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында он бірінші халықаралық турнир өтті.

Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Байқоңыр қалаларынан және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан 12 команда, 50 жастан жоғары 150-дей ардагер қатысты.

Үш күнге созылған жарыстың нəтижесінде Алматы қаласының «КАЗНАУ» командасы І орынды жеңіп алды. ІІ орынды Байқоңыр қаласының командасы иеленді. Шығыс Қазақстан жəне Түркістан облыстары ІІІ орынға табан тіреді.

0

Пікір қалдыру