Қызылордада индорхоккейден ел чемпионаты өтуде – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада индорхоккейден ел чемпионаты өтуде

12.11.2019, 16:30

260 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада  индорхоккейден ерлер жəне əйелдер арасында ҚР чемпионатының III, IV айналымы басталды.

Жарыс Қызылорда қаласындағы №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтуде. Ел чемпионатының соңғы айналымына Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарының командалары қатысуда.

Сондай-ақ, аталған сайыс бойынша жасөспірім ұлдар жəне қыздар арасында да Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Ерлер арасында өткен жарыстың алғашқы күнінде қызылордалық «Қайсар» командасы оралдық спортшыларды 12:3 есебімен ұтты.

Дүбірлі дода 16 қараша күні аяқталады. Жарыс күн сайын сағат 10.00-де басталады.

0

Пікір қалдыру