**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **Қызылордада  индорхоккейден ерлер жəне əйелдер арасында ҚР чемпионатының III, IV айналымы басталды.** Жарыс Қызылорда қаласындағы №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтуде. Ел чемпионатының соңғы айналымына Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарының командалары қатысуда. Сондай-ақ, аталған сайыс бойынша жасөспірім ұлдар жəне қыздар арасында да Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер арасында өткен жарыстың алғашқы күнінде қызылордалық “Қайсар” командасы оралдық спортшыларды 12:3 есебімен ұтты. Дүбірлі дода 16 қараша күні аяқталады. Жарыс күн сайын сағат 10.00-де басталады. ![](http://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/12indorhokkey2.jpg)