Kyzylorda-news.kz.  Бүгін орталық стадионда футболдан КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған 2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Турнирдің салтанатты ашылуында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті Болат Көшербаев қатысушыларды құттықтап, аты аңызға айналған футболшы Тимур Санжарұлын еске алуға арналған турнирдің өңірде жасөспірім спортшыларды тәрбиелеуде маңызы зор екенін атап өтті.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған футбол додасына Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан және аудандардан 8 команда 120 спортшы қатысуда.

Облыста бұқаралық спортты, футболды дамыту мақсатында Тимур Сегізбаев атындағы облыстық турнир биылғы жылы он екінші мәрте ұйымдастырылуда.

Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командалары 13 маусым күні белгілі болады. Ойындар орталық стадионның қосалқы алаңында өтуде.

Тағы да оқыңыз: