Қызылордада ережесіз жекпе-жектен ашық чемпионат өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада ережесіз жекпе-жектен ашық чемпионат өтті

06.12.2021, 16:40

443 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда қаласының «NOMAD MMA» Федерациясының ашық чемпионаты өтті.

Жарыстың ашылу рәсімінде қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қазірдің өзінде әлемдік ареналарда еліміздің даңқын асқақтатып, көкбайрағымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелетіп жүрген мықты спортшыларымыз жетерлік. Солардың ізбасарлары өздеріңіз! Сондықтан жарыстың жас қатысушыларына рух пен жігер, күш-қуат тілеймін», – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы.

Ашық чемпионатқа облысымыздан 110 спортшыдан құралған 6 команда қатысты. Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдары мен «Nomad MMA» Федерациясының кубоктары табысталды.

Айта кету керек, соңғы жылдары ерекше қарқынмен дамыған қойын-қолтық ұрыс спортымен айналысушылардың қатары артып келеді. Бұл өз кезегінде осы спорт түрінің келешегі кемел екендігін айғақтайды.

Аталған шара «Қызылорда облысының Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігі мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.

0

Пікір қалдыру