Қызылордада Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған турнир өтіп жатыр – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған турнир өтіп жатыр

15.02.2020, 11:40

366 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Евразия спорт кешенінде Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған армиялық қоян-қолтық ұрысынан күштік құрылымдар және құқық қорғау органдары арасында Қызылорда гарнизоны бастығының кубогына арналған сайыс өтіп жатыр.

Оған Жамбыл, Түркістан облыстарының әскери бөлімдері мен жергілікті құқық қорғау органдары және күштік құрылым өкілдері қатысуда. Әскерилер арасындағы бәсекеде 11 команда бақ сынауда. Жауынгерлер 55, 60, 65, 70, 75, 80 және 80 келіден жоғары салмақта күш сынасуда.

Финал кешкі сағат 18.00 де болмақ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауған. Сөнген шоқ, өшкен арман…» атты жауынгерлерді еске алуға арналған митинг өткен болатын.

0

Пікір қалдыру