Kyzylorda-news.kz.  Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалар жылына тарту ретінде Сыр өңірінде кәсіпкерлердің демеушілігімен аймақта 80-ге жуық спорт-ойын алаңы салынатынын жеткізген еді. Оның Қызылорда қаласында 50-і, аудандарда 30-ы бой көтереді.

Бүгінде игілікті іс Қызылорда қаласынан бастау алды. Жергілікті кәсіпкерлер жаңадан салынатын ойын алаңдарының жер учаскелерін белгіледі. Мәселен, «Корпорация Алем-құрылыс» мекемесі «Бәйтерек» мөлтек ауданы, Бала-мекен елді мекеніндегі ойын алаңының жерін тегістеп, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар аудандар да жүргізілмек.

Еске салайық, өткен жылы 25 ойын алаңы пайдалануға берілді. Нысандар қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына орналастырылды.

Мұнан бөлек, биыл қалалық бюджеттен қала аумағына 3 ойын алаңын салу жоспарлануда. Бұл нысандарды салуда халықтың сұранысы ескеріледі.

Айта кетейік, тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында биыл облыста 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі.

Тағы да оқыңыз: