Kyzylorda-news.kz.  “Nur Otan” партиясынан мәслихат депутаттығына үміткерлер Жұмбеков Дәулет Егембергенұлы және Дәрібаева Гүлсім Әбілқасымқызы партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Шиелі ауданындағы споршылармен кездесіп, партияға дауыс беру мақсатында алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Сайлауалды бағдарламада бұқаралық спортты дамытуға да айрықша көңіл бөлініп отыр.

Мәселен, партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады. Ол үшін: 2022 жылы Шиелі кентінде денешынықтыру және сауықтыру кешенің салуға, жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және ұлттық спортты дамытуға (Ұлттық спорт тұрлерінен, қазақша күрес, ауыр атлетика, тоғыз құмалақ, бокс, футбол, еркін күрес, дзюдо) ықпал ететін болады.

Нәтижесінде, «Nur Otan» партиясы 2025 жылы ауданда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін36 пайызға жеткізуді көздейді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Тағы да оқыңыз: