Kyzylorda-news.kz. Дәл қазіргі есеп бойынша Токио Олимпиадасына Қызылорда облысы бір жолдамаға ие болған.

Төрт жылда бір келетін әлемдік додада өнер көрсету үшін көп жолдамаға ие болған алматы облысы. Қазіргі таңда аталған облыс 6 жолдама иеленіп, көш бастап келеді.

Ал, алматы қаласы 4 жолдамаға қол жеткізіп, екінші орында тұр. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары 3 жолдамадан бөліскен.

Аймақтар арасында ақтөбеліктердің еншісінде 3 жолдама болса, Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 2 жолдама алып отыр. Ал Батыс Қазақстан облысы мен Қызылорда спортшылары бір-бір жолдамадан иелік еткен.

Қалған өңірлер әзірге Олимпиада ойындарының бірде бір жолдамасын еншілей алмай отыр.

Тағы да оқыңыз: