Қызылорда гандболшылары əлем чемпионатында бақ сынайды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда гандболшылары əлем чемпионатында бақ сынайды

16.10.2020, 11:20

217 0

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың желтоқсан айында Əлем чемпионаты, келесі жылдың көктемінде квалификациялық турнир өтеді. «Қайсар ҚМУ» гандбол клубының бас жаттықтырушысы Вячеслав Ким бастаған команда Əлем чемпионатына дайындалуда.

«Биылғы маусымға дайындықты жақсы аяқтадық. Қыздарымыз жаттығу барысында жақсы нəтижилер көрсетті, барын салып дайындалды. Алдағы уақытта бірнеше республикалық, əлемдік бəсекелер жоспарланған. Егер жоспарланған жарыстар межеленген уақытында орындалса біз дайынбыз. Тағы да топ жарып, жерлестерімізге жеңіс сыйлаймыз деген ойдамыз. Команданың жаттығуына көңілім толады», – деді Вячеслав Ким.

Айта кетейік, «Қайсар ҚМУ» ганбол командасы 11 дүркін ҚР чемпионы, 4 дүркін Жастар спорт ойындарының және 4 дүркін ҚР спартакиадасының жеңімпазы, 2 дүркін клубтар лигасының Азия чемпионы.

0

Пікір қалдыру