Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасы таныстырылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасы таныстырылды

20.01.2022, 16:20

2001 0

Kyzylorda-news.kz. Олимпиадалық командаға арналған спорттық форманы қазақстандық ZIBROO компаниясы шығарды. Құраманың олимпиадалық экипировкасын дайындауға бір жылдан аса уақыт кеткен. Киімді дайындау процесіне атлеттердің өздері қатысты.

Қазіргі Қазақстан тарихында алғаш рет экипировкадағы ел атауы қазақ тілінде «Qazaqstan» болып жазылады.

Шеруге арналған коллекцияны ресейлік дизайнер, SHISHKIN брендінің негізін қалаушы Дмитрий Шишкин дайындаған. Екі өндіруші ең жоғары талаптарға сай келетін, өндірістегі эко-шешімді қолдайтын және киім дизайнының әлемдік трендін қолданатын ортақ олимпиадалық эпикировка коллекциясын ұсынды.

Қысқы ойындарға арналған олимпиадалық форманың таныстырылымына жазғы спорт түрлерінің өкілдері, атап айтар болсақ, Токио Олимпиадасының жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов пен Софья Берульцева қатысты.

Фотосессияға дзюдошылар Жансай Смағұлов пен Ақмарал Науатбек, бокстан ерлер командасының капитаны Абылайхан Жүсіпов, гимнаст Аружан Қасенова мен «Барыс» хоккейшісі Самат Данияр қатысты.