«Қайсар» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды – Kyzylorda News
Басты бет

«Қайсар» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды

05.01.2020, 10:40

621 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорданың «Қайсар» командасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу мақсатында Түркияға аттанды.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. Оқу-жаттығу жиыны Түркияның Анталия қаласында өткізіледі. Қызылордалық клуб 3-23 қаңтар аралығында Анталияда екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыластар анықталуда.

«Қайсар» командасы әзірге кеткен және жаңа ойыншылар жөнінде ешқандай мәлімет берген жоқ. Дегенмен ақпарат көздерінде Джон Джошуа, Тигран Барсегян сынды футболшылар өзге клубтарға ауысатыны жөнінде хабарлады. Ал қорғаушы Александр Марочкин енді Қостанайдың «Тобыл» командасының намысын қорғайтыны белгілі болып отыр.

2019 жылы «Қайсар» Қазақстан кубогына қол жеткізді. Нәтижесінде биыл тұсаукесер ойынын Еуропа лигасы екінші кезеңінен бастайды. Сондықтан алдағы маусымға дайындықты тиянақты жүргізуді көздеп отыр.

0

Пікір қалдыру