Kyzylorda-news.kz.  «Евразия» спорт кешенінде коммуналдық мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті.

«Қазір өңіріміздің коммуналдық салаларында қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де дені спортпен айналысуға құлшыныс білдіріп, салауаттылық салтын ұстануда. Сіздер уақытпен санаспай, халыққа қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарасыздар. Міне бүгінгі жарыс та өздеріңіздің құрметтеріңізге арналады» деді жарыстың ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов.

Спорттық шараның мақсаты Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында және спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Жарысқа 10 командадан 100-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «РЦКУ» мекемесі жеңіп алса, ІІ мен ІІІ орындар Қызылорда жылу электр орталығы және Қызылорда Су Жүйесі командалары иемденді.

Үздік ойын көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталды.
Жеңімпаз командаларға қала әкімінің грамоталары, медальдары мен кубоктары және қаржылай сыйақылар табысталды.

Тағы да оқыңыз: