Элизабет Тұрсынбаева үздік конькишілер рейтингінде 20-орынға жайғасты – Kyzylorda News
Басты бет

Элизабет Тұрсынбаева үздік конькишілер рейтингінде 20-орынға жайғасты

21.04.2020, 10:20

700 0

Kyzylorda-news.kz. Халықаралық конькимен сырғанау одағының нұсқасы бойынша үздік конькишілердің жаңа рейтингі жарияланды. Рейтинг соңғы үш маусымды ескерді, ISU қол астындағы турнирлерде жиналған ұпай сандары есепке алынды.

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 1428 ұпай жинап, 20-орынды қанағат тұтты. Жапондық Рики Кихира (4171) көш бастап тұр. Америкалық Брэдли Теннелл (3133) екінші орынға жайғасты. Ресейлік Анна Щербакова (2841) үздік үштікті түйіндеді.