Kyzylorda-news.kz. 16 маусымда Еуро 2020/2021 ойындарының екінші туры басталады. Оны Финляндия – Ресей ойыны ашады, ол Санкт-Петербургта “Газпром Аренада” өтеді

Турнирге 24 команда қатысады. Бірінші тур чемпионаттағы қызықтар енді басталатынын көрсетті.

Екінші турдың кестесі мен трансляцияның басталу уақытын Sputnik инфографикасынан көріңіз.

Еуро-2020 екінші турының кестесі

Екінші тур 16 маусымда Санкт-Петербургтегі “Газпром Арена” стадионында басталады. “B” тобында Финляндия құрамасы Ресей құрамасымен кездеседі. Бірінші турда финдер Данияны 0:1 есебімен жеңді, ал ресейліктер бельгиялықтарға 3:0 есебімен ұтылды.

А тобы

  • 16 маусым – Түркия – Уэльс, Бакудегі “Олимпийский” стадионы (трансляцияның басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00/ Мәскеу уақыты бойынша 19:00)
  • 16 маусым – Италия – Швейцария, Римдегі Олимпиада стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00/ Мәскеу уақыты бойынша 22:00)

B тобы

  • 16 маусым – Финляндия – Ресей, Санкт-Петербургтегі “Газпром Арена” (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00/ Мәскеу уақыты бойынша 16:00)
  • 17 маусым – Дания – Бельгия, Копенгагендегі “Паркен” стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00/ Мәскеу уақыты бойынша 19:00)

С тобы

  • 17 маусым – Украина – Солтүстік Македония, Бухаресттегі ұлттық стадион (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00/ Мәскеу уақыты бойынша 16:00)
  • 17 маусым – Нидерланд – Австрия, Амстердамдағы “Йохан Кройфф Арена” (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00/ Мәскеу уақыты бойынша 22:00)

D тобы

  • 18 маусым – Хорватия – Чехия, Глазгодағы “Хэмпден Парк” стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00/ Мәскеу уақыты бойынша 19:00)
  • 18 маусым – Англия – Шотландия, Лондондағы “Уэмбли” стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00/ Мәскеу уақыты бойынша 22:00)

Е тобы

  • 18 маусым – Швеция – Словакия, Санкт-Петербургтегі “Газпром Арена” (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00/ Мәскеу уақыты бойынша 16:00)
  • 19 маусым – Испания – Польша, Бильбаодағы “Сан-Мамес” стадионы (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 01:00/ Мәскеу уақыты бойынша 22:00)

F тобы

  • 19 маусым – Венгрия – Франция, Будапештегі “Пушкаш Арена” (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:00/ Мәскеу уақыты бойынша 16:00)
  • 19 маусым – Португалия – Германия, Мюнхендегі “Альянц Арена” (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00/ Мәскеу уақыты бойынша 19:00)

Чемпионаттың екінші турын қайдан көруге болады

Екінші тур ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Спутниктік және кабельдік теледидар арқылы матчтарды “Первый канал”, “Ресей 1” және “Матч ТВ” арнасынан көруге болады.

Бірінші тур қалай өтті

Еуропа чемпионатына қатысатын барлық команда алғашқы турда ойнаған жоқ, бірақ чемпионат эмоцияға толы болды. Оның ішінде Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксеннің жүрек ұстамасы, оны дәрігерлердің футбол алаңында дефибриллятордың көмегімен реанимациялағаны қызу талқыланды.

Футболдың өзіне келер болсақ, Англия құрамасының тарихи жетістігінен басқа ешқандай сенсация болған жоқ: команда алғаш рет Еуропа чемпионатын жеңіспен бастады.

Сегіз ойында да танымал фавориттер жеңіске жетті. Ерекше жағдай ретінде Дания – Финляндия ойынын атауға болады, бірақ бұл жерде Эриксеннің жағдайы үлкен рөл атқарды. Уэльс пен Швейцария арасында бір ғана тең ойын тіркелді. Матч 1:1 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ, 2020/2021 ойындарындағы алғашқы гол ретінде Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демиралдың автоголы тіркелді. Бұған дейін турнир тарихында автогол алғашқы гол болған емес.

 Sputnik

Тағы да оқыңыз: