Kyzylorda-news.kz. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаламыздағы №2 жасөспірімдер спорт кешенінде Теміржол партия филиалына қарасты бастауыш ұйымдардан 7 команда шағын футболдан бақ сынасты. Денсаулықты нығайтатын әрі жұмыс істеу қабілетін арттыруға ықпал ететін игі шараға ТЧЭ-34, НЖС-10, НОДГП, ПЧ-57,ЭЧ-25,ШЧ-39,ДС Белкөл қызметкерлері қатысты.

Өзара ұжымдық достықты бекемдеу мақсатында ұйымдастарылған спорттық шараға қатысқан Қызылорда қосалқы бөлімнің басшысы, «Nur Otan» партиясы «Теміржол» филиалының төрағасы Батырхан Базарбаев, Қызылорда теміржолшыларының кәсіподағы Бауыржан Ахметов мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Көпшіліктің көкейінен шыққан жарыс өте тартымды өтті. төрешілер алқасы жеңімпаздарды анықтады. ІІІ орын иеленген НОДГП командасы, ІІ орын иеленген ШЧ-39 командасы, І орын иеленген ТЧЭ-34 командасы жеңімпаздарына арнайы кубоктар, кәсіподақ комитетінің демеушілігімен бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды.

Одан бөлек командалар ішінен үздік танылған ойыншыға «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» номинациясымен дипломдар табысталды.

Тағы да оқыңыз: