Kyzylorda-news.kz. Жуырда Бахрейн мемлекетінің астанасы – Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде аралдық Алпамыс Болатұлы мен Әмірмұхаммед Кабулов  грек-рим күресінен  Азия чемпионы атанды.

№19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің  спортшылары байрақты бәсекеде ел мерейін тасытты. Жастайынан спортпен айналысқан өрендер құрлықтық додадан осылайша құр қайтқан жоқ. Қос балуанның жеңіс тұғырынан көрінуіне Талғат Қожекенов, Бахтияр Төлебаев, Ардақ Таңатаров сынды бапкерлер үлес қосты. Сондай-ақ, ел құрамасының  аға жаттықтырушысы Алмат Кебісбаевтың да еңбегі зор.

Тағы да оқыңыз: