Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан парламент сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

“Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сенат депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын”, – делінген мәтінде.

Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу жəне сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңның 129-бабына сəйкес жүзеге асырылады.

Үкімет пен үш облыстың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстардың әкімшілік құрылысына қатысты жарлығы күшіне енді.

Енді Қазақстанда 17 емес, барлығы 20 өңір. Жаңадан Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары қосылды.

Тағы да оқыңыз: