Референдум кеңес отырысында талқыланды – Kyzylorda News
Басты бет

Референдум кеңес отырысында талқыланды

24.05.2022, 16:00

177 0

Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық Кеңестің отырысын өтті.

Жиында Конституцияға өзгерістер жөнінде бүкілхалықтық референдум мәселесі қаралды.
Талқылау және пікір алмасу форматында өткен жиынға облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев және Кеңес мүшелері қатысты.

Басқосуда республикалық Кеңес төрағасының бірінші орынбасары Қайырбек Сүлейменов «Конституцияға өзгерістер коррупциямен жүйелі күресті күшейтіп, Қазақстан халқының құқықтарын терең қорғауға жол ашады» деп атап өтті.

Кеңес мүшесі Меруерт Қазбекова «Референдум Қазақстанның саяси жүйесін бейбіт өзгертудің құралы. Референдум демократия процессін жеделдете отырып, саяси жүйені орнықты жасауға бағытталған», -дейді.

Саясаттанушы Бауыржан Серікбаев референдумдардың жалпы тарихына тоқтала келе, «референдум еліміздегі жаңа саяси мәдениет қалыптастырудың фундаменті» деп атап өтті.

Жиын барысында Конституцияға өзгерістердің мәні мен мазмұны, логикасы жөнінде сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.