Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың экс-депутаты және спикері Дариға Назарбаеваға алғыс айтты.

«Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Дариға Назарбаеваның Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтаған болатын.

Тағы да оқыңыз: