Kyzylorda-news.kz. Сыр елінде Қазақстанның киелі жерлер картасына енген 12 нысанға бейнеролик әзірленуде. Олар «Рухани жаңғыру» орталығының ресми ютуб каналына, әлеуметтік желілерде жарияланатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уәлихан Ибраев мәлімдеді.

“Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1421 шара өткізілді. Пандемияға байланысты бірқатар іс-шаралар онлайн форматта болды. Аймақта «Тұлға» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде өз саласы бойынша жетістікке жеткен азаматтарды халық арасында танымал ету, еңбек жолын жастар арасында насихаттауды көздейді. Бүгінде 24 тұлғаның бейнеролигі түсірілді. Сондай-ақ, «Дәстүр мен ғұрып» және «Үнем – қоғам қуаты» атты жаңа арнайы жобалар бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспар аясында 21 шара өткізілді”, – деді Уәлихан Серікұлы.

Бұған қоса, республикалық “Жомарт жүрек” байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Оған аудандар мен қаладан іріктеліп алынған азаматтар 4 номинация бойынша қатысып, үздіктер марапатталды.

Тағы да оқыңыз: