Қызылордада жасөспірім адам өлтіргені үшін күдікті ретінде ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада жасөспірім адам өлтіргені үшін күдікті ретінде ұсталды

03.02.2020, 15:00

972 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында кәмелет жасына толмаған бала өлімге қатысы деп анықталуда,- деп хабарлайды Polisia.kz.

2 ақпан күні Қызылорда қаласында орын алған адам өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99- бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.

Мәліметтер бойынша, орын алған оқиға құрбаны кәмелет жасына толмаған азамат екені анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда. Күдікті ретінде кəмелетке толмаған тұлға ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Қалған мəліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу»)  талаптарына сəйкес жария етілмейді.

0

Пікір қалдыру